"Бомбалардың анасы" деген атауды пайдалану – масқаралық
(last modified Sun, 07 May 2017 08:35:43 GMT )
Maм 07, 2017 14:35 Asia/Almaty

Әлем католиктерінің діни жетекшісі АҚШ-тың жуырда Ауғанстанның шығыс аймағында сынақтан өткізген бомбасын "бомбалардың анасы" деп атауын масқаралық деп атады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Рим папасы Франциск сенбі күні АҚШ-тың жанжалды президенті Дональд Трамптың Ватиканға сапары қарсаңында бомбаның бұл атауы үшін қатты ұялатынын мәлімдеп: ""Ана" сөзі «өмір сыйлау» деген ұғымды білдіреді, ал бомба тек өлім әкеледі",- деді.

АҚШ әскері осы жылдың сәуір айының он үші күні  Ауғанстанның Нангархар облысындағы Ачин қаласының маңына ядролық емес ең үлкен бомбасын сынақтан өткізді. Соның салдарынан ондаған адам қаза тапты.

Рим папасы Франциск мұның алдында да Трамп үкіметінің дұшпандық саясаттары мен әрекеттерін, әсіресе АҚШ-тың Мексикамен шекарасында дуал тұрғызуын сынға алып: "Көпір емес, дуал салу мәселесін көтеретін адам христиан емес",- деп айтқан болатын.