Зариф Ауғанстан президентімен кездесті
(last modified Sun, 07 May 2017 17:27:24 GMT )
Maм 07, 2017 23:27 Asia/Almaty
  • Зариф Ауғанстан президентімен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі Ауғанстанға жасаған сапарында осы елдің президентімен кездесіп, әңгімелесті.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф тілшілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуынсыз Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездесуінде түрлі мәселелер туралы сұхбаттасты.

Зариф сондай-ақ Кабулге келгеннен кейін өзінің ауғанстандық әріптесі Салахуддин Раббанимен де кездесті. Кездесуден кейін өткен ақпарат отырысында сол кездесудің жай-жапсарын  баяндады.

Иран Сыртқы істер министрі ақпарат отырысында Иранның Ауғанстанмен экономикалық және сауда-саттық ынтымақтастықтарды жалғастыру үшін әзірлігін мәлімдеп: «Екі ел көптеген ынтымақтастық негіздеріне, соның ішінде лаңкестік пен есірткі заттар контрабандасына тосқауыл қою саласында ие. Екіжақты ынтымақтастықтар екі ұлт үшін де пайдалы» деді.

Мұхаммад Джавад Зариф Ауғанстан халқына қарсы лаңкестік шараларды айыптаумен қоса, осы елдің халықаралық ұйымдарда Иранға қолдау көрсетуіне алғыс айтып: «Иран да түрлі деңгейлер мен кезеңдерде Ауғанстан үкіметі мен халқына қолдау көрсеткен» деді.

Ауғанстан Сыртқы істер министрі Салахуддин Раббани да ақпарат отырысында Иран мен Ауғанстанның байланыстарын екі елдің ортақтастықтары бойынша кеңейтуді қуаттап: «Иран Ауғанстанның төртінші сауда серігі болып табылады. Екі ел жақсы ынтымақтастықтарға ие» деді.

Ауғанстан Сыртқы істер министрі сондай- ақ лаңкестікпен күрестің қажеттігі мен маңыздылығына сілтеме жасап: «Лаңкестікке қарсы әлемдік күрес барлық мемлекеттер лаңкестік туралы жан-жақты түсініктемеге қол жеткізіп, лаңкестікті жақсы мен жаманға бөлмей, оған қатынас көрсеткен кезде табысты болады» деді.

Ауғанстан Сыртқы істер министрі сөзінің жалғасында Иранның ұзақ жылдардан бері миллиондаған ауған мигранттарды қабылдап отырғанына алғыс айтты.