Ресей Мәскеу-Брюссель байланысын қайтадан бастауға мүдделік танытты
(last modified Thu, 11 May 2017 16:29:04 GMT )
Maм 11, 2017 22:29 Asia/Almaty
  • Ресей Мәскеу-Брюссель байланысын қайтадан бастауға мүдделік танытты

Еуропалық Одақтағы Ресейдің тұрақты өкілі Мәскеудің Еуропалық Одақпен байланысын қайтадан бастауға мүдделік танытты.

Еуропалық Одақтағы Ресейдің тұрақты өкілі Владимир Чижов Ұлыбритания Еуроодақтан шыққан соң осы елге салынған санкциялардың жойылуына үміт білдіріп: «Осы одақтың сыртқы саясат жетекшісі Федерика Могеринидің өткен айда Мәскеуге жасаған сапары жемісті болды. Брюссель Мәскеумен ынтымақтастық жасауы керек және текетірессіз ынтымақтастық кеңістігі құрылуы керек» деді.

Еурокомиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкер де көзқарас айырмашылықтарына қарамастан, Мәскеу мен Еуроодақтың ынтымақтастық жасауына қолдау көрсеткен жағдайда Еуроодақтағы Ресейдің тұрақты өкілі осындай мәлімдеме жасап отыр.

Еуроодақ Америкамен бірге 2014 жылдан бері Ресей Украина мәселесіне араласты. Қырым түбегі осы елге қосылды деген желеумен Ресейдің саяси басшылары кәсіпкерлері және компанияларына қарсы санкциялар салды.

Мәскеу де қарымта шараларды күн тәртібіне қойып отыр.