Путин: Палестинамен қатынас Ресей үшін маңызды
(last modified Fri, 12 May 2017 09:02:14 GMT )
Maм 12, 2017 15:02 Asia/Almaty
  • Путин: Палестинамен қатынас Ресей үшін маңызды

РФ Президенті Владимир Путин Палестина автономды құрылымының басшысы Махмұд Аббаспен кездесуінде Палестинамен қатынастың Ресей үшін маңызды екенін мәлімдеді.

Путин Ресейдің Сочи қаласында Палестина автономды құрылымының басшысы Махмұд Аббаспен кездесуінде Ресей мен Палестина қарым‑қатынасының тарихи тамырының тереңде жатқанын айтып: «Қазіргі таңда да екі тараптың байланысы өзара сенімге негізделген»,-деді. 

РФ Президенті, сондай-ақ, Палестина мен сионистік режимнің бітім келіссөздеріне тоқталып: «Мәскеу халықаралық қарарларға сәйкес тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуын қалайды»,-деді.

Палестина автономды құрылымының басшысы Махмұд Аббас та осы  кездесуде Путиннің Ресей мен Палестина қарым‑қатынасын нығайтудағы рөлі мен пікірін жоғары бағалады.