Ресей Батыстың "Хан-Шейхун" оқиғасын тергеуге бөгет жасауын сынады
Ресей Батыс елдерінің "Хан-Шейхун" оқиғасын тергеуге бөгет жасауын сынады.
"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей СІМ-нің қауіпсіздік және қарусыздандыру басқармасының төрағасы Михаил Ульянов «Осы елдің батыс серіктестері Сириядағы "Хан-Шейхунға" химиялық шабуыл туралы тақырыпты тергеуден қорқып, осы үдеріске бөгет жасайды.
Батыс елдері "ән-Носрат майданы" мен өзге лаңкестік топтарға қарасты қарулы кісілердің "Хан-Шейхунға" химиялық шабуылға жауапты болуының анықталуын қаламайды.
Мәскеу Сирияның "әл-Ашират" базасына халықаралық тергеушілерді аттандыру үшін кеңесіп жатыр» деді.
Сириямен қарсылас қарулы лаңкестік топтарға қарасты дереккөздері 4 сәуір күні Сирияның Идлиб облысының оңтүстігі "Хан-Шейхунда" химиялық жарылыстың болғанын хабарлап, ешқандай айғақ-дерек ұсынбастан, осы шабуылды Сирия үкіметі жасады деп айыптады.