АҚШ Президенті мен Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі – әлемдегі ең қауіпті адамдар
Ұлыбританияда шығатын «Independent» газеті АҚШ Президенті мен Сауд Арабиясының Қорғаныс министрін әлемдегі ең қауіпті адамдар деп атады.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, британдық газет сенбі күнгі санында жариялаған бір мақаласында Трамптың келесі аптада Сауд Арабиясына сапармен баратындығына тоқталып: «Трамп Сауд Арабиясына кең тұрде қолдау көрсетуге, әсіресе оның Йеменге шабуылдарын қолдауға уәде берді. Енді Сауд Арабиясының тақ мұрагері әрі Қорғаныс министрі Мұхаммад бен Салман Вашингтонды Иранмен текетіресте Сауд Арабиясын қолдауға көндіру үшін талпыныс жасап жатыр»,-деп жазды.
Осы мақалада АҚШ пен Сауд Арабиясының Иран үкіметіне қарсы ұстанымдарын күшейтуге келіскені жазылған. Осы реттегі алғашқы шешім – жүйеден бөлу үшін Ирандағы азшылықтарды қолдау. Иранның оңтүстік-шығысындағы белучтарды қолдауға қатысты ортақ жобалар жайлы алғашқы мәліметтер жарияланды.
ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Хошру он күн бұрын БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесі басшысына наразылық хат жолдап, Мұхаммад бен Салманның «Сауд Арабиясының мақсаты – соғысты Иранның ішіне енгізу» деп ИИР-на қарсы айтқан сөздерін Иранға ашық түрде қоқан-лоққы жасау және БҰҰ жарғысының 2-бабының 4-тармағын бұзу деп атап: «Сауд Арабиясы Қорғаныс министрінің дұшпандық сөздері Иранға қарсы қоқан-лоққы ғана емес, Сауд режимінің Иранда орын алған лаңкестік әрекеттерге қатысы бар екендігін ашық түрде мойындау болып табылады. Сауд режимінің қаржылай қолдауына ие қарулы қылмыскерлердің Иранның 9 шекарашысын өлтіруі мұның соңғы мысалы болып саналады»,-деп баса айтты.
Сауд Арабиясы саясаттарының қатерлі екендігі бұдан бұрын да дәлелденген. Бұл ел өз әрекеттерімен 20 ғасырдың 90-жылдары әл-Каида мен Талибанның қалыптасуына, 2003 жылы Иракта террор мен тұрақсыздыққа қолдау көрсетіп, ДАИШ, ән-Носрат майданы мен басқа да топтардың Ирак пен Сирияда құрылуына себеп болды.
Осындай бүлдіргі әрекеттер қазір АҚШ-тың жаңа үкіметінің қате түсінігімен бірге Сауд Арабиясы үшін өзінің аймақтық елдерге қарсы басқыншылық саясатын ақтап көрсетуге мүмкіндік беріп отыр.
АҚШ үкіметі, әсіресе Трамп билік басына келген соң гуманизмге қарсы шешімдер қабылдап, гуманитарлық принциптер мен ережелерды және халықаралық құқық жарғысын аяқ асты етті. Мұндай шаралардың үлгісін Сауд Арабиясы мен Израильге тыйым салынған қару-жарақтарды сатуынан көруге болады.
Осындай қатерлі жақтасу енді жаңа кезеңге аяқ басқалы отыр. Бұл Трамптың жуырда Сауд Арабиясына баруымен басталады. Осындай жақтастықтың салдары Сауд Арабиясына АҚШ-тан миллиардтаған долларлық қару-жарақтар сатып алуға рұқсат беруден, Израильмен жақынырақ қатынас орнатуынан, аймақтағы исламдық қарсыласу қозғалысына қысымның артуынан айқынырақ көрінеді. Бұл үдеріс қазір саяси орталар мен аймақтық мәселелерді сараптаушылардың назарын Трамп сапарының аймақтық мақсаттарына аударып отыр. Олар АҚШ пен Сауд Арабиясының қатерлі шешімдеріне қатты алаңдауда. Өйткені Вашингтон мен эр-Риядтың саясаттары аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауды мақсат етпейді.