Палестина интифазасын қолдау хатшылығының "Некбат" күніне байланысты мәлімдемесі
Палестина Интифазасын қолдау халықаралық конференциясының Теһрандағы тұрақты хатшылығы "Некбат" (Бақытсыздық) күніне байланысты мәлімдемесінде мұсылмандарды үнсіз отырмауға, Палестинаның азаттық айқайын әлем жұртшылығының құлағына жеткізуге шақырды.
2017 жылдың мамыр айының он төрті – сионистік режимнің Палестинаны жаулап алуының 69-шы жылдығы «Некбат»-«Бақытсыздық» күні деп аталады. Осы күні сионистер Ұлыбританияның қолдауымен Палестинаны жаулап алып, астыртын әрекетін іске асырды.
Палестина Интифазасын қолдау халықаралық конференциясының Теһрандағы тұрақты хатшылығы Иранның палестиналықтардың теріске шығаруға келмейтін құқығына қарсы сионистік режимнің кез келген қылмысын айыптайтынын қуаттап: «Өткен 70 жылда әлем жұртшылығы мен адам құқығын қорғау туралы уәж айтатын елдердің үнсіздігіне қарамастан, палестиналық ерлер мен әйелдер және балалардың айқайы тарихта жаңғыруда. Сионистік режимнің палестиналық босқындардың өз еліне оралуына тосқауыл қоятын құқығы жоқ. Палестиналықтар өз елдеріне оралғанша әлемдегі барлық мұсылмандар мен бостандық сүйгіштер осы қылмыскер режим мен соны демеуші астамшыл алпауыттарға қысым жасауға міндетті» деді.