Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның зымырандық сынағына реакция білдірді
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі дүйсенбі күні бірауыздан Солтүстік Кореяның зымырандық сынағын айыптап, Пхеньяннан бұдан былай ешқандай зымырандық немесе ядролық сынақ өткізбеуді талап етті.
«СВС News» ақпарат базасының мәліметі бойынша, Қауіпсіздік кеңесінің мәлімдемесінде: «Солтүстік Кореяның зымырандық сынағы ядролық қару технологиясын дамыту үшін өткізіліп, аймақта шынайы қайшылық тудырды. Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянға қарсы санкцияларды арттыруға дайын»,- деп қуатталды.
АҚШ әсіресе өткен апталарда сан рет Солтүстік Кореяны бақылауға алу үшін жазалау шараларын арттыруды талап етті.
Солтүстік Корея өткен сенбі күні Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымыран атты. «Рейтерс» ақпарат агенттігі әуе-ғарыш маманының сөзіне сілтеме жасап, бұл зымыранның шамамен 4000 километрге жақын қашықтыққа жете алатыны туралы хабарлады. Осы хабармен тұспа-тұс Шығыс ақпарат құралдарының Солтүстік Кореяның Пхунгери ядролық полигоны айналысының босағаны туралы мәлімдемесі бұл елдің жаңа ядролық сынақ өткізуге дайындалып жатқанын білдіреді.