Президенттік сайлау Орталық Азия елдеріндегі Иранның елшіліктерінде де өтеді
https://itolqyn.com/news/world-i27186-Президенттік_сайлау_Орталық_Азия_елдеріндегі_Иранның_елшіліктерінде_де_өтеді
Иранның 12-ші президенттік сайлауы жұма күні Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Өзбекстандағы Иран елшіліктерінде өтеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 18, 2017 21:32 Asia/Almaty
  • Президенттік сайлау Орталық Азия елдеріндегі Иранның елшіліктерінде де өтеді

Иранның 12-ші президенттік сайлауы жұма күні Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Өзбекстандағы Иран елшіліктерінде өтеді.

Тәжікстан өңіріндегі Иранның президенттік сайлауын өткізуге жауапты делегация сайлаудың ертең, 19 мамыр күні бүкіл Иранмен бір мезгілде әлемнің 130 елінде, соның ішінде Душанбедегі Иран ислам республикасының елшілігінде де өтетінін мәлімдеді.

Түркіменстан астанасы Ашхабадтағы Иран ислам республикасының елшілігі сайлаудың Иран ислам республикасының елшілігінде де өтетінін хабарлады.

Қырғызстанда да Иранның президенттік сайлауы Бішкектегі Иран елшілігінде өтеді.

Өзбекстан астанасы Ташкенттегі Иран ислам республикасының елшілігі де осы елде тұратын барлық ирандықтарды жұма күні елшілікке келіп, президенттік сайлауда дауыс беруге шақырды.