Иран халқының сайлауға қатысуы әлемнің әртүрлі ақпарат құралдарынан көрініс тапты
Иран халқының президенттік сайлаудың он екінші кезеңі мен қалалық және ауылдық ислам кеңестеріне сайлаудың бесінші кезеңіне айбынды түрде қатысуы әртүрлі ақпарат құралдарынан, әсіресе Батыс елдерінің БАҚ беттерінен кең көрініс тапты.
Батыс елдерінің әртүрлі ақпарат құралдары өз көрермендеріне Иранда сайлау басталған сәттен Иран президентіне дауыс беру орындарында жиналған ұзақ кезектердің маңыздылығы жайлы хабарлады. Осы орайда, Швеция телеарнасының тілшісі: "Дауыс беру орындарындағы адамдардың үлкен саптары Иран халқының президент сайлауына жаппай қатысып жатқанын көрсетеді",- деп хабарлады.
Австриялық ORF телеарнасының тілшісі Теһраннан: "Сайлаулардың бұл кезеңіне халықтың қатысуы тағдыр шешуші және аса маңызды мәселе саналады. Осы сайлауға 56 милионнан астам ирандық дауыс беру құқығына ие. Президент сайлауы көптеген ирандықтар үшін тағдырды шешуші және шынайы шешім болып саналады",- деп хабарлады.
France 24 арнасы өз кезегінде халықтың дауыс беру орындарындағы ұзын кезек тізбегін Ирандағы президенттік сайлаудың он екінші кезеңінің ерекшеліктерінің бірі деп атады.
Осындай жағдайда америкалық CNN арнасы Ирандағы президент сайлауының он екінші кезеңіне халықтың жаппай қатысып жатқаны туралы хабар таратып, ұзақ кезектерде тұрған миллиондаған ирандықтың президент сайлауында дауыс беруі үшін Ирандағы дауыс беру уақытының бірнеше рет создырылғанын хабарлады.