Мәскеу отырысында тәуелсіз Палестина елін құру тақырыбы қарастырылды
Мәскеуде Ресей-Палестина жұмыс тобының отырысы «Палестина тәуелсіз елін құрудағы мәселелер мен кедергілер» және «Палестиналық топтар бірлігінің шешім жолдары" деген тақырыпта өтті.
Ресей СІМ Мәскеуде Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары әрі Ресей президентінің Таяу Шығыс істеріндегі өкілі Михаил Богданов пен осы елдің Сыртқы істер министрінің аймақтағы арнайы өкілі Сергей Вершинин және Палестина автономиялық құрылымы басшысының саяси істер бойынша кеңесшісі Набил Шаас Палестина тәуелсіз елін құрудағы кедергілер мен палестиналық топтардың бірлігінің шешім жолдары туралы пікір алмасты.
Ресей президентінің Таяу Шығыс істері бойынша өкілі сенбі күні де Палестина Исламдық Қарсыласу Қозғалысы (ХАМАС) саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Һаниемен телефон арқылы сөйлесті.
Ресей Палестина халқының заңды құқықтарының қайтарылып, 1967 жылғы шекараларға негізделген тәуелсіз үкіметтің құрылуын қолдайды. Мәскеуде Кеңес одағы тараудан екі жыл бұрып, яғни 1989 жылдан бері Палестинаның елшілігі жұмыс істейді.