Ұлыбритания Премьер-министрі: Манчестердегі жарылыс – лаңкестік шабуыл
(last modified Tue, 23 May 2017 08:22:55 GMT )
Maм 23, 2017 14:22 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания Премьер-министрі: Манчестердегі жарылыс – лаңкестік шабуыл

Ұлыбритания Премьер-министрі ел полициясының Манчестер қаласындағы шабуылға лаңкестік акт ретінде шара қолданып жатқанын айтты.

«Рейтер» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мей сейсенбі күні таңертең  шамамен 20 адамның қаза болуы және 50 адамның жарақат алуына себеп болған Манчестердегі концерт кезіндегі жарылысты айыптап, оны лаңкестік шабуыл деп атады.

Ұлыбритания Премьер-министрі Манчестердегі жарылыстың құрбандары мен олардың отбасыларын еске алып, жарылыстың егжей-тегжейін анықтау жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты.

Манчестер қаласындағы жабық стадионда кеше, дүйсенбі күні кешке жантүршіктірерлік жарылыс болды. Кейбір ақпарат көздерінің  мәліметі бойынша, сол жарылыстан кейін Британия полициясы қалада тағы бір бомбаны залалсыздандырды.