Терроризмді тамырымен жою радикалды идеяларды реформалауды қажет етеді
Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы терроризмді тамырымен жоюдың радикалды идеяларды реформалауды қажет ететінін айтты.
Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы Али Шамхани сәрсенбі күні Ресейде өткен халықаралық қауіпсіздікке байланысты сегізінші отырыста жасаған баяндамасында терроризмнің әлі де әлемдік қауымдастықтың ұлттық қауіпсіздік саласындағы басты мәселесі болып тұрғанын айтып: «Террористерді дайындап, тарататын орталықтарды жоюмен қатар, лаңкестер өздеріне тартатын әлсіз қоғамның таптары мен тайпаларының саяси, қоғамдық және экономикалық негіздері мен факторларына көңіл аудару қажет» деді.
Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы «ДАИШ секілді террористік топтар дамыған әскери және жаппай қыратын қару-жарақтарға қалай қол жеткізіп отыр?» деген сұрақ қойып: «Кейбір мемлекеттер екіжақты немесе көпжақты қатынас ұстанып, террористік ағымдармен әшкере және жасырын қатынас жасауда. Әйтпегенде, ешбір террористік топтың белсенділігі шетелдіктердің қолдауынсыз алысқа бармаған болар еді» деді.
Шамхани Америка мен кейбір одақтастарының Ауғанстан мен Иракқа, Ливия мен жуырда Йемен мен Сирияға жасаған шапқыншылығының салдарларына төрелік етуді Мәскеу отырысына қатысып отырған қауіпсіздік саласының жоғары деңгейлі басшыларының мойындарына жүктеп: «Егер БҰҰ аймақ дағдарыстарын шешуге қатысты әлсіз қатынас көрсетпей, заңсыз әскери араласушылықтарға дұрыс әрі кесімді қатынас көрсеткенде қазіргі әлем осыншалықты қауіпті болмаған болар еді» деп қуаттады.