Ресей мен Иран арасындағы ядролық қауіпсіздік саласындағы серіктестік кеңейе түсті
Ресей мен Иранның Ядролық қауіпсіздік жүйе орталықтарының басшылары екі елдің атом стансалары мен нысандары саласындағы әріптестік деңгейін арттыруға келісті.
ИИР Ядролық қауіпсіздік жүйе орталығының басшысы Ходжатолла Салехи Мәскеу қаласында Ресейдің Ядролық қауіпсіздік жүйе орталығының басшысы Алексей Алешинмен кездесуінде осы екі орталықтың серіктестігіне 25 жыл толғанын айтып, қазіргі таңда осы бағыттағы серіктестіктерді арттыру қажеттігін қуаттады.
ИИР Ядролық қауіпсіздік жүйе орталығының басшысы Ходжатолла Салехи мен Ресейдің Ядролық қауіпсіздік жүйе орталығының басшысы Алексей Алешин кездесуде Иранда жаңа электр стансаларының салына бастағанына тоқталып, электр стансалары мен басқа да ядролық нысандар саласындағы әріптестіктер деңгейі мен аясын кеңейтуге келісті.
Иран мен "алтылық" елдерінің арасындағы ядролық келісім мен 2016 жылы жасалған "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жүзеге асқан соң Иранның ядролық саладағы халықаралық әріптестіктері артты.
Бушерде екі атом стансасының салынуы, ауыр су сатып алу және тұрақты изотоптарды өндіру Ресей мен Иранның атом өнеркәсібіндегі бірлескен жұмыстарының қатарына жатады.