Баку Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына бақылаушы мүше ретінде қосылды
(last modified Mon, 14 Mar 2016 15:21:33 GMT )
Нау 14, 2016 21:21 Asia/Almaty
  • Баку Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына бақылаушы мүше ретінде қосылды

Әзірбайжан республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына бақылаушы мүше ретінде қабылданды.

Әзірбайжан республикасының Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров пен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы Рашид Алимов Қытай республикасының астанасы Бейжіңде өткен ресми отырыста екі жақтың ынтымақтастық меморандумына қатысты құжаттарға қол қойды. Әзірбайжан республикасы 2012 жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүшелікке өтуге өтініш білдірген болатын. Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының негізгі мүшелері болып табылады.