Баку Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына бақылаушы мүше ретінде қосылды
https://itolqyn.com/news/world-i2740-Баку_Шанхай_Ынтымақтастық_Ұйымына_бақылаушы_мүше_ретінде_қосылды
Әзірбайжан республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына бақылаушы мүше ретінде қабылданды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 14, 2016 21:21 Asia/Almaty
  • Баку Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына бақылаушы мүше ретінде қосылды

Әзірбайжан республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына бақылаушы мүше ретінде қабылданды.

Әзірбайжан республикасының Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров пен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы Рашид Алимов Қытай республикасының астанасы Бейжіңде өткен ресми отырыста екі жақтың ынтымақтастық меморандумына қатысты құжаттарға қол қойды. Әзірбайжан республикасы 2012 жылы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүшелікке өтуге өтініш білдірген болатын. Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының негізгі мүшелері болып табылады.