Трамптың саудиялық ваххабизммен қатынасы - әлемдегі лаңкестіктің қайнар көзі
(last modified Sat, 27 May 2017 09:43:05 GMT )
Maм 27, 2017 15:43 Asia/Almaty
  • Трамптың саудиялық ваххабизммен қатынасы - әлемдегі лаңкестіктің қайнар көзі

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Риядтағы Сауд Арабиясы мен АҚШ арасындағы әскери келісімге қол қойылғаннан бір аптадан кейін америкалық The New York Times газетінде: "Әдемі әскери техника Таяу Шығысты құтқармайды",- деп жазды.

Өткен сенбі күні Рияд пен Вашингтон Азияның батыс аймағында зорлық-зомбылықтар шарықтау шегіне жетіп, лаңкестік етек жайған жағдайда құны 110 миллиард долларлық қару-жарақ жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл келісімге тарихи тәжірибенің қару-жарақтың жалғыз өзі қауіпсіздікті орната алмайтыны, керісінше, өзінен кейін қатерлі салдарға соқтыратынын көрсеткен жағдайда қол қойылып отыр.

ИИР Сыртқы істер министрі америкалық The New York Times газетінде жарияланған мақаласында осы тарихи тәжірибеге сілтеме жасап: "Саудиялықтар мұның алдында да Ирактың биліктен құлатылған диктаторы Саддамға Иранға шабуыл жасауы үшін қару-жарақпен қамтамасыз ету мақсатында сексенінші жылдары 70 миллиардтан астам доллар бөлген болатын. Бірақ бұл әрекет әлем мен олардың өздері үшін немен аяқталды",- деп жазды. Саддам режимінің Иранға тигізген зияны, мыңдаған ирандықтың Батыстың, әсіресе АҚШ-тың қару-жарақтарынан қаза болуы және химиялық қаруларды пайдалануы әлі ұмытылған жоқ. Сонымен қатар не істеп жатқанын білген диктатураны Батыс елдерінің қару-жарақпен қамтамасыз ету түріндегі ұсқынсыз әрекеті тарихта мәңгі қалады.

Қазіргі таңда АҚШ президенті Дональд Трамп үкіметі де Сауд Арабиясының Азияның батыс аймағындағы саясаты мен бұл елдің әлемнің түрлі аймақтарында лаңкестіктің етек жаюдағы рөлінен хабардар бола тұра, саудиялықтарға өздері айтқандай, "әдемі" және заманауи қару-жарақ беріп отыр. Бұл қару-жарақтардың аймақтағы, содан кейін әлемдегі қауіпсіздіктің тұрақты кепілі еместігі күмәнсіз. Әлемнің түрлі аймақтарына лаңкестікті таратушы ваххабизм ағымы Пәкістан, Ауғанстан және Азияның батысындағы қауіпті арттырып, бүгінде Еуропаның әртүрлі қалаларында, әсіресе жуырда Ұлыбританияның Манчестер қаласындағы жағдайға ұласты.

110 миллард долларлық қару-жарақ жөніндегі келісімге қол қойылғаннан кейін Дональд Трамптың Риядта Малек Салманның жанында семсермен билеуі ваххабизм ағымының тамырын қуратпауымен қатар қана қоймай, Сауд үкіметінің әрекеттерін құптайтын мөр секлді болды. Мұндай жағдайда Еуропадағы лаңкестік әрекет, яғни Манчестерде орын алған жағдай ваххабизм ағымының қолдауымен болмаған. Ваххабизм мектептері Пәкістаннан бастап Балқан аймағына дейін такфиршіл лаңкестіктің әр түрінің, әсіресе ықпал ету үшін күнде жаңа аймақты таңдап отыратын ДАИШ-тың таралуының себепкері болып табылады. ДАИШ-тың Азияның оңтүстік-шығысындағы билігін көрсетуі дәл осы аяда бағалануда.

Сонымен қатар, АҚШ Сауд Арабиясына қару-жарақтың түр-түрін 2001 жылдың 11-қыркүйек күні АҚШ-та орын алған шабуылда негізгі рөл атқарғандардың көпшілігі саудиялықтардың болғаны баршаға расталған жағдайда ұсынып отыр. Вашингтонның бұл әрекетін талдай келе, Иран Сыртқы істер министрі The New York Times газетінде: "Ең оптимистік көзқарас бойынша, Трамп саудиялықтарды бопсалап, олардың "сиырларын сауып" отыр... Ал ең пессимистік көзқарасқа сәйкес, Трамп саудиялықтарды өзінің Таяу Шығыстағы жалдамалыларына айналдырады",- деп жазды.