АҚШ-тың үшінші ұшақ тасығыш кемесі Корей түбегіне жіберілді
АҚШ-тың екі әскери кемесінің Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі сулары мен Корей түбегі жағалауларына жақын орналасуының жалғасында Вашингтон өзінің үшінші ұшақ тасығыш кемесін осы аймаққа жіберді.
Yonhap ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, АҚШ осымен өзінің ұшақ тасығыш USS Nimitz кемесін осы аймаққа үшінші рет жіберді.
Nimitz салмағы 97 тонна, ұзындығы 333 метр және ядролық реакторы бар әлемдегі ең ірі соғыс кемелерінің бірі саналады. Бұл кеме мұның алдында Оңтүстік Кореямен ортақ ауқымды әскери жаттығулар өткізу мақсатында Корей түбегі суларына келген болатын.
Осы хабарламаға сәйкес, солтүстік Кореяның жексенбі күні өткізген зымырандық сынағы аймақтағы америкалық кемелердің орналасуына жасалған реакция болуы мүмкін.
Бұдан бұрын мамыр айының басында Солтүстік Кореяның зымырандық сынақтары артқан кезде АҚШ бұл аймаққа алдымен Carl Vinson ұшақ тасығыш кемесін, содан кейін Ronald Reagan кемесін жіберді.
Сарапшылар бір мемлекеттің үш кеме тасығыш кемесінің бір мезгілде соңғы екі ай аралығында өте шиеленісті аймақта орналасуын бұрын-соңды болмаған оқиға деп сипаттады.