О'Брайен: Йеменге толығымен күйреу қаупі төніп тұр
https://itolqyn.com/news/world-i27592
БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық істер жөніндегі орынбасары Йемен халқының соғыс, құрғақшылық және өлімге жеткізетін аурулардың таралуымен кезігіп отырғанына тоқталып: «Бұл ел толығымен күйреу қарсаңында тұр»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 31, 2017 14:20 Asia/Almaty
  •  О'Брайен: Йеменге толығымен күйреу қаупі төніп тұр

БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық істер жөніндегі орынбасары Йемен халқының соғыс, құрғақшылық және өлімге жеткізетін аурулардың таралуымен кезігіп отырғанына тоқталып: «Бұл ел толығымен күйреу қарсаңында тұр»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Стивен О'Брайен сейсенбі күні  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында: «Әлем Йемен дағдарысын тек тамашалап отыр. Әлемдегі азық-түлік дағдарысын шешетін уақыт келді. Йеменді күйреу жолынан шығаруымыз керек»,- деді. Стивен О'Брайеннің сөздері Қауіпсіздік Кеңесінің Йеменді дағдарыстан шығарып, екі жылдық соғысты тоқтату үшін шынайы келіссөздерді бастауға Сауд режиміне қысым көрсете алмайтындығына қатысты үмітсіздігін көрсетеді.