Кабулдағы қанды шабуылға Хақани желісі жауапты
https://itolqyn.com/news/world-i27638
Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы: «Сәрсенбі күні Кабулда болған қанды шабуыл Пәкістандағы Хақани желісі тарапынан жобаланған. Соның салдарынан 90-нан аса адам қаза тапты»,-деп хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 01, 2017 16:31 Asia/Almaty
  • Кабулдағы қанды шабуылға Хақани желісі жауапты

Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы: «Сәрсенбі күні Кабулда болған қанды шабуыл Пәкістандағы Хақани желісі тарапынан жобаланған. Соның салдарынан 90-нан аса адам қаза тапты»,-деп хабарлады.

BCC телеарнасының хабарлауы бойынша, Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы: «Кабулдағы қанды шабуылға қатысты сенімді деректер мен айғақтарға сәйкес, бұл шабуылдың жоспары Пәкістан Барлау органы ISI-дың тікелей жетекшілігі және әріптестігімен Хақани желісі тарапынан жасалған»,-деді. 

Бұл ақпарат құралдарында Кабулдағы қанды шабуылға жауаркершілікті ДАИШ лаңкестік тобы өз мойнына алған жағдайда хабарланды.

Ауғанстанның Денсаулық сақтау министрлігі Кабулдағы қанды шабуылда қаза болғандардың санын 90-нан астам, ал жараланғандардың санын 460-тан аса адам деп хабарлады.

Ауғанстанның астанасында жарылған бомба канализацияны тазартуға арналған танкерге қойылған екен.