Ресей Батыс елдерінің лаңкестікпен күрестегі екіжақты стандарттарын сынады
Ресей Сыртқы істер министрі АҚШ пен Батыс елдерінің лаңкестікпен күрестегі екіжақты стандарттарын сынады.
РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сәрсенбі күні Ауғанстан астанасы Кабулдағы дипломатиялық аймаққа жасалған лаңкестік шабуылдың қатер дабылдарының бірі болғанына тоқталып: "Бұл оқиға әлемдік мәселелерді шешуде әсіресе Батыс серіктестердің осы салада екіжақты стандарттарды пайдаланудан бас тартуының қажеттілігін көрсетеді. Қазіргі ауыр жағдайда Ауғанстан халқына шынымен көмектескісі келетін барлық тараптар ешбір құпия жұмыс тәртібінсіз ашық түрде бір-бірімен әріптестік жасауы керек.
Кеше Ауғанстанда орын алған оқиғалардан кейін толығымен америкалықтар мен оның Солтүстік Антлантикалық келісім (НАТО) ұйымындағы серіктестерінің бақылауындағы бұл елдің әуе кеңістігінде қандай оқиғалар болып жатқаны бұрынғыдан бетер айқындала түсті",- деді.
Сәрсенбі күні Кабул қаласының дипломатиялық аймағында Германия, Иран, Жапония, Үндістан және тағы бірнеше елдің елшіліктерінің маңында лаңкестік шабуыл орын алды. Шабуыл салдарынан 90 адам қаза болып, 380 адам жараланды.