Қазақстан экономикалық көрсеткіштерімен Ресейден озды
Швейцарияның IMD бизнес мектебінің жариялаған мәліметі бойынша, Қазақстан әлемнің ең жақсы экономикалары арасында Ресейден озды.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бәсекеге қабілетті елдер рейтингін жүргізгендер мемлекеттердің экономикалық бәсекеге қабілеттігін 4 категорияға бөлінген 20 параметр бойынша бағалады. Төрт категорияға экономика көрсеткіші, үкіметтің тиімділігі, бизнес пен инфрақұрылымның тиімділігі кіреді. Ал 20 параметр 323 көрсеткіш, соның ішінде әлемдік ішкі жеке өнім үлесі, жанармай бағасы, салық деңгейі, мемлекеттік саясат ашықтығы және тағы да басқа көрсеткіштер бойынша есептеледі. Бұл рейтингтің нәтижесі бойынша, Қазақстан 47-ші орыннан 32-ші орынға көтерілді.
Рейтингте әлемнің 63 мемлекеті бағаланып, Ресей 2017 жылы өткендегі 44-шы орнынан 46-шы орынға түсті. Гонконг екінші жыл қатарынан тізімнің басында орналасты.