Санкт-Петербург қаласындағы халықаралық экономикалық форум – Ресейдің күш-қуатын көрсететін мүмкіндік
21-ші халықаралық экономикалық форум маусым айының 1-3 күндері Санкт-Петербург қаласында өтті. Экономика, инвестиция және қаржы, халықаралық проблемалар, Таяу Шығыс жағдайы мен әлемнің келешегі және мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар аталмыш форумның тақырыптарының қатарын құрады. Сонымен бірге биылғы форум Шанхай ынтымақтастық ұйымының жұмысын қауіпсіздік және экономикалық келісім ретінде қарастырды.
Санкт-Петербургтегі халықаралық экономикалық форумға Ресей мен әлемнің басқа ондаған мемлекетінің министрлері, сондай-ақ әлемнің жүздеген үздік экономикалық мамандары мен компаниялардың басшылары қатысты. Ресейдің бұл форумды өткізудегі мақсаты халықаралық саяси және экономикалық маңызды мәселелер туралы пікір алмасумен қатар халықаралық сахнадағы өзінің ықпалы мен күш-қуатын көрсету болды. Батыстың бұл елге әртүрлі салада санкция салуына қарамастан ондаған мемлекеттердің жоғары лауазымды басшылары мен ірі компаниялардың жүздеген басшылары форумға шақыруды қабыдап, Санкт-Петербургте жиналды.
Үлкен экономикалық форумның аясында Ресей маңызды келісімдерге қол қойды. Бұл келісімдер Ресейдің экономикалық және сауда саласындағы дамуына маңызды әсер етеді. Өткен жылғы Санкт-Петербург қаласындағы экономикалық форум аясында 16 миллард долларға бағаланған 356 келісімге қол қойылған болатын.
Басқа жақтан Ресей Батыстың санкцияларының қысымдарының жалғасуына байланысты өзінің экономикалық және инвестициялық ұстанымдарын өзгертіп, Шығыс Азия мен Оңтүстік Азия, Батыс Азия және Латын Америка елдерінің жаңа компанияларымен келісімдерге қол қоюда.
Биылғы өнеркәсіптік жеті мемлекеттің отырысында алты Батыс мемлекеті мен АҚШ-тың арасында әсіресе климат жөніндегі Париж келісіміне қатысты қайшылықтардың тууына байланысты ресейліктер енді бұл мұрсатты Еуропамен қарым-қатынасын қайтадан кеңейту үшін пайдаланбақ.
Австрия Канцлері Кристиан Керн форумның аясында айтқан сөзінде: «Еуропа мен АҚШ-тың арасындағы қайшылықтардың артуына қатысты Еуроодақ жаңа серіктес іздеуде. Бұл салада Ресей ең маңызды ойыншы»,- деп мәлімдеді. Әрине бұл хабар Кремль басшылары, әсіресе Владимир Путин үшін жақсы хабар болды. Өйткені, ол бүгінде еуропалықтардың жаңа экономикалық және саяси компанияларды іздеп отырғанына куә болып отыр.
Санкт-Петербург қаласындағы халықаралық экономикалық форум сонымен қатар ресейліктер үшін басқа елдер мен компаниялардың инвесторларын қызықтыруда жаңа мұрсат ретінде де маңызды. Мәскеудің талпыныстарына қарағанда бұл Ресейдің экономикасын жандандыру үшін өте маңызды.
Өткен жылдары мұнай бағасының төмендеуі мен Батыстың санкцияларына байланысты Ресей экономикасы көптеген шығын көріп, оны қайта орнына келтіру Кремль басшылары үшін басты мәселе екені байқалып отыр. Бұл салада Путин Санкт-Петербург қаласындағы форумда 2017 жылдың бірінші үш айында Ресейге тікелей түскен шетелдік инвестияцияның шамамен 7 миллиард долларға жеткенін, бұл көрсеткіштің өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,3 пайызға артқанын мәлімдеді.
Ресейге салынған шетелдік инвестицияның даму көрсеткіші бұл елдің экономикалық дамуынан жоғары әрі Ресей экономикасының жаңа кезеңге бет алғанының белгісі. Бұл ресейліктердің экономикалық айналымы мен шетелдік инвестицияларды арттырғысы келетіндігін көрсетеді.