Пресс ТВ арнасының фоторепортері Хабиболла Хосейнзадені жерлеу рәсімі өтті
(last modified Tue, 06 Jun 2017 15:49:21 GMT )
Маусым 06, 2017 21:49 Asia/Almaty
  • Пресс ТВ арнасының фоторепортері Хабиболла Хосейнзадені жерлеу рәсімі өтті

Ауғанстанның астанасы Кабулда өткен сәрсенбі күнгі лаңкестік жарылыста шәһид болған Прес ТВ арнасының жергілікті фоторепортері Хабиболла Хосейнзадені бүгін, сейсенбі күні Кабулдағы «Чеһел дохтаран» төбесіне жерледі.

Пресс ТВ арнасының жергілікті тілшісі Хабиболла Хосейнзаденің мүрдесі кеше дүйсенбі күні оқиғадан бес күн өткеннен кейін табылды. Отбасы мәйітті  таныды. 
Хабиб Хосейнзаде сәрсенбі күні үйінен шығып, жұмыс кеңсесіне бара жатқанда Вазир Акбарджан аймағында болған лаңкестік жарылыс кезінде шәһид болды. Бірақ, мәйіті кеше кешке дейін із-түзсіз жоғалғандардың қатарында болды. Ол – Пресс ТВ арнасының Ауғанстанда лаңкестік шабуылдардың салдарынан шәһид болған екінші фоторепортер. 
Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Ғани бүгін Кабулдың дипломатиялық ауданындағы жарылыста қайтыс болғандардың санының 150 адамға, жараланғандардың 300-ге жеткенін хабарлады.  
Бұдан бұрын ауған дереккөздері сол лаңкестік жарылыс құрбандарының санын 100, жараланғандардың санын 400 адам деп хабарлаған болатын.