Ричард Хаас: Трамп Теһранда болған лаңкестік әрекетті айыптауы керек
Маусым 07, 2017 22:23 Asia/Almaty
Американың халықаралық байланыстар кеңесі институтының директоры осы елдің президентінен Теһранда болған лаңкестік әрекетті айыптауды сұрады.
Американың халықаралық байланыстар кеңесі институтының директоры Ричард Хаас Твиттердегі парақшасында Америка президенті Дональд Трампқа қаратып: «Лаңкестікті айыптауда алалық танытпау керек. Теһранда орын алған оқиғаны да Еуропада болған оқиғаны айыптағандай айыптау керек» деп жазды. Хаас Дж. Буштың уақытында Америка Мемлекеттік департаментінің жоғары деңгейлі басшыларының бірі болған.
Тегтер