Путин Теһрандағы лаңкестік шабуылды айыптады
(last modified Thu, 08 Jun 2017 10:58:54 GMT )
Маусым 08, 2017 16:58 Asia/Almaty
  • Путин Теһрандағы лаңкестік шабуылды айыптады

Ресей президенті Иран президентіне жолдаған хатында лаңкестердің Теһрандағы шабуылын айыптады.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбі күні ИИР президенті Хасан Руханиге жолдаған хатында Теһрандағы лаңкестердің шабуылы салдарынан ирандықтардың қаза болуына көңіл айтып: "Бұл қылмыс лаңкестікпен күресте халықаралық ынтымақтастықтарды кеңейту қажеттігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Мен бұл шабуылды кесімді түрде айыптаймын",- деп жазды.

РФ президенті Мәскеудің лаңкестікпен күресте ирандық серіктестерімен ынтымақтастық жасауға әзір екендігін баса айтты.

Сонымен қатар, Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Франция президенті Эммануель Макронмен телефон арқылы сұхбатында лаңкестікпен күрестің әлемдік деңгейдегі үйлесімдік және ортақ әрекетті қажет ететіндігіне тоқталып: "Иран халқы әлемнің азат халықтарының жанында лаңкестік құбылысына қарсы күресті жалғастырады. Теһран бұл салада Парижбен ынтымақтастықты нығайтуға дайын",- деді.

Франция президенті осы телефон арқылы сұхбат кезінде сәрсенбі күні Теһрандағы лаңкестік шабуылдар салдарынан иран азаматтарының қаза болуына байланысты Иран үкіметі мен халқына, әсіресе осы лаңкестік шабуылдар шәһидтерінің отбасыларына көңіл айтып: "Франция үкіметі мен халқы Иран үкіметі мен халқымен бірге",- деп айтты.