Қазақстанның бұрынғы Премьер-министріне қатысты сот үкімінің мерзімі қысқартылды
(last modified Tue, 15 Mar 2016 09:40:54 GMT )
Нау 15, 2016 15:40 Asia/Almaty
  • Қазақстанның бұрынғы Премьер-министріне қатысты сот үкімінің мерзімі қысқартылды

Қазақстанның бұрынғы Премьер-министріне қатысты үкімнің мерзімі 8 жылға азайтылды.

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Аппеляциялық соты дүйсенбі күні осы елдің бұрынғы Премьер-министрі Серік Ахметовтың қамауда болу мерзімін 10 жылдан 8 жылға азайтып: «Серік Ахметовтың дүние-мүлкі тәркіленді және оның 5 жыл көлемінде мемлекеттік лауазымдарда қызмет істеуіне тыйым салынды»,-деп мәлімдеме жасады.

Осы мәлімет бойынша, Серік Ахметов 2015 жылы 11 желтоқсанда мемлекеттік мүлікті теріс пайдаланып, заңсыз сауда жұмыстарын жүргізді және билікті асыра пайдаланды деп айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Қазақстанда жоғары лауазымды тұлғаның осындай ауыр жазаға тартылуы алғаш рет орын алып отыр. Бұл мұнайлы елде экономикалық жемқорлық кең етек жайған. Сыншылардың айтуынша, Қазақстан үкіметі экономиканы ашық жүргізу үшін тиісті шаралар атқармаған.