Ресей Премьер-министрі: Ислам – еліміздің тарихи мұрасының ажырамас бөлігі
(last modified Mon, 23 Sep 2024 10:55:30 GMT )
Қыр 23, 2024 16:55 Asia/Almaty
  • Ресей Премьер-министрі: Ислам – еліміздің тарихи мұрасының ажырамас бөлігі

Ресей Премьер-министрі сенбі күні исламның Ресейдің тарихи мұрасының ажырамас бөлігі екенін атап өтті.

Ресей Мұсылман ғұламаларының VIII Курултай-Съезді мен ХХ-шы Халықаралық  мұсылмандар форумына қатысушыларға жолдаған жолдауында Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустин Ресейдің көп ұлтты және көпконфессиялы ел екеніне тоқталып: "Бұл елде барлық адамдардың діни сеніміне айнымас құрметпен қарайды",- деп айтты.

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, Мишустин бұл жолдауында Ресейдің дәстүрлі діндерінің бірі ретінде Исламды атаған.

Ресей Премьер-министрі: "Ислам Ресейдің тарихи мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады",- деп баса айтты.

Бұл жолдауда Михаил Мишустин Ресей Федерациясы Мұсылмандары Діни Басқармасының дінаралық диалог пен мемлекеттік-конфессиялық сындарлы ынтымақтастығын жақсартудағы рөлін бағалы деп сипаттады.

Ислам – Ресейдің екінші діні. Бұл елде 20 миллионға жуық мұсылман өмір сүреді.