Зариф Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табандылығын қуаттады
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Еуроодақтың Сыртқы саясатының жоғары өкілі Федерика Могеринимен Ослодағы кездесуінде Иранның еш уақытта «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын біржақты бұзбайтынын қуаттады.
ИРНА-ның Ослодағы тілшісінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Могеринимен кездесуінде: «Егер АҚШ тарапынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзу жалғасатын болса, Иран жаңа шара қолданады»,- деді.
Могерини де бұл кездесуде Еуроодақтың аталмыш келісімдегі өз міндеттемелеріне табанды екенін қуаттады.
Зариф кездесуде әлем мен аймақ мәселелері туралы пікір алмасумен бірге аймақ елдеріндегі жағдайға, атап айтқанда Қатар мен Сирияның жағдайы туралы сөйлесіп, екі жақ аймақ қайшылықтарын саяси келіссөздер арқылы шешуді қуаттады.
Норвегия үкіметінің ресми шақыруымен дүйсенбі күні Ослоға сапар шеккен Иран Сыртқы істер министрі мұның алдында норвегиялық және индонезиялық әріптестерімен кездесіп, пікір алмасты.