Путин АҚШ-тың лаңкестікті құрал ретінде пайдаланып отырғанын қуаттады
Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қайшылықтардың күшеюімен Ресей Президенті Владимир Путин: «АҚШ Шешенстандағы лаңкестерді қолдап, оларды Ресейдің тұрақтылығын бұзу үшін пайдаланбақ. АҚШ-ның барлау ұйымдары Мәскеудің наразылықтары мен қарсылықтарына қарамастан, Шешенстандағы лаңкестерге ақпараттық, саяси және қаржылық тұрғылардан қолдау көрсетуде»,- деп қуаттады.
Путинның көзқарасы бойынша, америкалықтардың Мәскеудің лаңкестікке қарсы күресін қолдауы туралы уәждеріне қарамастан, олар іс жүзінде лаңкестерді Ресейдің тұрақтылығын бұзып, елдің ішкі жағдайына нұқсан келтіру үшін пайдалануда. Бұл қолдаулар әшкере түрде орындалып, Ресей бұл салада көптеген құжат жинап, солардың кейбіреуін АҚШ-ның ықтиярына тапсырды. Путин осыдан бұрын ресейлік қауіпсіздік органдарының Солтүстік Кавказ лаңкестерінің АҚШ барлау ұйымдары қызметкерлерімен тікелей байланыс орнатуын анықтағаны туралы хабарлаған болатын.
Негізінде, 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, тәуелсіздігін жариялағаннан бері Ресей Батыстың дұшпандық ұстанымымен бетпе-бет келуде. 1990 жылдар Борис Ельцинның билігі кезіндегі ресейліктердің Батысқа бет бұруына қарамастан, АҚШ-тың дұшпандық іс-әрекетінің ресейліктерге АҚШ-тың, жалпы алғанда Батыстың негізгі мақсатының Ресейді әлсірету және бөлу екенін жылдам түсіндірді. Ресей Президенті Владимир Путин бұл мәселені түсініп, 2000 жылдардан бері АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымын сынап келеді. Лаңкестікпен күрес саласында Мәскеу Батыстың қолдауы мен ынтымақтастық жасауына үміттенгеніне керісінше оның орнына АҚШ барлау ұйымдарының лаңкестерді қолдауының куәсі болды. Батыстың дұшпандық әрекеттері тек бұл мәселемен шектелмейді. АҚШ әрқашан Ресей халықтары арасына қайшылық тудыруды көздеп, үкіметке қарсы шерулер мен наразылықтарды қолдауымен бірге әрқашан сондай әрекеттерге арандатты. Бұл әрекетер «түрлі-түсті революциялар» негіздері бойынша іске асырылды. Ресейдің жоғары басшыларының пікірінше, демократия мен "түрлі-түсті революциялардың" экспорты – әлемнің әртүрлі аймақтарындағы тұрақсыздықтардың ең маңызды себептерінің бірі. Сол себепті, Мәскеу әлемдегі «түрлі-түсті революцияларды» іске асыруды сынап, ТМД елдерінде, соның ішінде Ресейде үкіметті жұмсақ жолдармен құлатуға қатысты алаңдаушылық білінуде. Бұл салада Думаның халықаралық істер комиссиясының басшысы Алексей Пушков Ресейде "түрлі-түсті революцияны" іске асыру үшін үш жобаның дайындалғаны туралы хабарлады. Бірінші жоба бойынша Киевтің алаңындағыдай Мәскеуде кең ауқымды наразылықтар ұйымдастырып, Ресей үкіметінің батыс жақтас қарсыластарын пайдалану көзделді. Екінші жоба бойынша Ресейде АҚШ тараптас президент сайлау, үшінші жоба Батыс пен АҚШ-тың экономикалық санкцияларын пайдаланып, Батыс басшылары Ресей үкіметіне қарсы қоғамдық наразылықтар арқылы Владимир Путинді алып тастауға жағдай тудыруды қарастырады. АҚШ-тың ұстанымы тыныштықты бұзып, лаңкестерді қолдау арқылы Ресейді мүмкіндігінше неғұрлым көбірек әлсірету.