Иран АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасындағы міндеттемелерін орындаудағы қатынасына наразы
(last modified Thu, 15 Jun 2017 08:52:06 GMT )
Маусым 15, 2017 14:52 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-тың

Иранның Атом қуаты халықаралық агенттігіндегі өкілі Наджафи АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы негізіндегі өз міндеттемелерін орындауы тиістігін баса айтып: "Иран АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасындағы міндеттемелерін орындаудағы қатынасына риза емес",- деді

Иранның Атом қуаты халықаралық агенттігіндегі өкілі Реза Наджафи сәрсенбі күні агенттіктің Басқарма кеңесінің отырысы аяқталғаннан кейін тілшілерге берген сұхбатында кеңеске мүше елдердің көпшілігінің "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асыруды қолдағанын мәлімдеп: "Иран бұл отырыста АҚХА-ның Теһранның "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты өз міндеттемелеріне беріктігіне негізделген баяндамаларына сілтеме жасап, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының жүзеге асуының жалғасуы мен оның тұрақтылығының «алтылық» топтың өз міндеттемелерін толық орындауына байланысты екендігін баса айтты",- деді.

Реза Наджафи "Ортақ қадам" бағдарламасында қарастырылған Иранның ауыр су сатуына тоқталып: "Теһран потенциалды сатып алушылармен келіссөздер жүргізуде. Келіссөздердің нәтижесінде келісімге қол қойылғаннан кейін Ирандағы артық ауыр су сол елдерге сатылады",- деді.