Иран мен Үндістанның Байланыс министрлері екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттады  
(last modified Thu, 15 Jun 2017 14:33:58 GMT )
Маусым 15, 2017 20:33 Asia/Almaty
  • Иран мен Үндістанның Байланыс министрлері екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейтуді қуаттады  

Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Женевада үндістандық әріптесімен кездесуінде ақпараттық технологиялар саласында екіжақты ынтымақтастық жасап, қажет мүмкіндіктерді қалыптастыру қажеттігін қуаттады.

Ақпараттық қоғамның әлемдік отырысына қатысу үшін Женеваға барған Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Махмұд Ваези үндістандық әріптесі Манох Синхамен кездесуінде екі елдің ортақ мәдениеті мен өркениетіне және байланыстарының тарихына тоқталып, ИИР-ның саясатын Үндістанмен екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейтуге бағытталғанын айтты.

Ваези   сонымен қатар Иран мен Үндістанның арасында жағымды кеңістік орнатылғанын тілге тиек етіп, ынтымақтастықтарды кеңейту, ақпараттық технологиялар алаңында мүмкіндіктер тудыру және мағлұматтар мен интернет саласында назар аударарлық жобалар ұсынуды қуаттады.

Махмұд Ваези мен Манох Синха кездесуде технологияларды дамыту, ауылдық байланыстарды жетілдіру үшін ортақ тәжірибелерді пайдалану, меморандумды жүзеге асыру мен ортақ жұмыс тобын құру және халықаралық ұйымдардағы әріптестіктер жайында сұхбаттасты.

Ақпараттық қоғамның әлемдік отырысы «Тұрақты даму мақсатындағы ақпараттық қоғам мен іргелі ғылым» ұранымен маусым айының 12-16 күндері Швейцарияның Женева қаласында өтіп жатыр.