АҚШ 64 жылдан кейін Иран жайлы құжат жариялады
АҚШ Мемлекеттік департаменті біршама уақыттан кейін Ирандағы х.ш.ж.с.б. 1332 мордадтың жиырма сегізі күнгі (1953 жылдың тамызы) төңкерісіне қатысты бір құжат жариялады.
АҚШ Мемлекеттік департаменті ақпарат қызметінің бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, бұл құжат АҚШ-тың Мохаммад Мосаддеқ үкіметін биліктен құлатуда тікелей рөл атқарғанын дәлелдейді.
Жарияланған құжатқа сәйкес, Вашингтон Мохаммад Мосаддеқтің үкіметін билік басынан тайдыру үшін жоспар құрып, төңкерісті тікелей басқарып отырған.
Иран мұнай өндірсін ұлттандыру ұлттық қозғалысының жеңісі кезінде АҚШ пен Ұлыбританияның Ирандағы араласушылық әрекеттерінің бір бөлігі саналатын 28-мордад төңкерісі Гаагадағы Халықаралық сот Ұлыбритания мен Иранның мұнай келісімдеріне қатысты Иранның пайдасына дауыс берген жағдайда орын алды.
Иранның уақытша үкіметінің биліктен кетуімен аяқталған 28-мордадтағы америкалық-ұлыбританиялық төңкеріс ислам революциясының жеңісіне дейінгі Иранның саяси тарихының аса сезімтал кезеңі саналады.