Иран әлемдік қауымдастықтың есірткімен күресті қолдау қажеттігін баса айтты
(last modified Tue, 15 Mar 2016 13:40:01 GMT )
Нау 15, 2016 19:40 Asia/Almaty
  • Иран әлемдік қауымдастықтың есірткімен күресті қолдау қажеттігін баса айтты

ИИР-ның Ішкі істер министрі Вена қаласында БҰҰ-ның Есірткі заттармен күрес комиссиясының жыл сайынғы отырысында әлем елдері мен халықаралық ұйымдардан Иранға мәлімет, құрал-жабдық және қаражат тұрғысынан көмектесуді сұрады.

ИИР-ның Ішкі істер министрі әрі Иранның Есірткімен күрес штабының басшысы Абдулреза Рахмани Фазли дүйсенбі күні Вена қаласында БҰҰ Есірткі заттармен күрес комиссиясының (UNODC) кезекті 59-шы отырысында Иранның есірткі заттар контрабандасымен күреске қыруар қаржы жұмсағанын айтып: «Көптеген уәделердің берілгеніне қарамастан, осы уақытқа дейін халықаралық ұйымдар тарапынан Иранға есірткімен күрес саласына қатысты айтарлықтай көмек көрсетілмеді»,-деді.

Иранның Есірткімен күрес штабының басшысы есірткі заттар контрабандасымен айналысатындар мен қарулы лаңкестерді өлім жазасына кескені үшін Ирандағы адам құқығына қатысты мәлімдеменің жарияланғанын сынап: «Иран өз азаматтарының құқығын қорғайды, бірақ әртүрлі елдер саяси сылтаумен өлім жазасына кесуге қатысты екіұшты қатынас жасайды»,-деп мәлімдеді.

Рахмани Фазли БҰҰ Есірткі заттармен күрес комиссиясы отырысында әлем елдері мен ұйымдарының есірткі контрабандасымен күресудегі алғы шеп ретіндегі Иранмен әріптестік жасауы қажеттігін баса айтуы мына себептен айтылды: Иранға қарсы санкциялар жойылғанымен, әлемдік қауымдастық әлі де Иранға есірткі контрабандасымен күресуге жағдай жасаған жоқ. ИИР көкнар егіп, есірткі өндіріліп, таратылатын Ауғанстанмен көршілес орналасқандықтан, есірткімен күреске өте көп адам шығыны мен қаражат жұмсады. Бұл сөздің дәлелі Иранның әскери және полиция күштерінен 4 мыңға жуық адамның Ауғанстанмен ортақ шекараларда қарулы содырлар және есірткі контрабандасымен айналысатындармен күресте қаза табуын айтуға болады.

БҰҰ Иранға есірткі контрабандасымен байсалды түрде күресетіндігі үшін сан рет алғыс жариялады. Бірақ БҰҰ-ның бұл амалы іс жүзінде осы контрабандистермен үздіксіз күресте Иранға қаржылай көмек көрсету және мәлімет беру ісіне ұласпады. Сол себепті барлық елдер, әсіресе есірткі заттары тасымалының Батыста орналасқан басты факторлары контрабанданың тамырына балта шауып, ақшаның жылыстауы сияқты қылмыстармен күресу үшін шынайы ерік-жігер танытпаса, есірткі контрабандасы және оның транзитімен айналысатын бандалармен күресуге бөлінетін қаржы мен адам күші бұрынғыдай ИИР-ның мойнында қала бермек.