Тәжікстандағы АҚШ елшілігі сол елдегі азаматтарына ескерту жасады
Маусым 17, 2017 23:59 Asia/Almaty
Тәжікстандағы АҚШ елшілігі өзінің ресми веб-сайтында мәлімдеме жариялап, сол елдегі өз азаматтарына лаңкестік шабуылдың орын алу ықтималы туралы ескерту жасады.
Мәлімдемеде: «Лаңкестік топтар біраз уақыттан бері Тәжікстанда ешбір лаңкестік шабуыл жасамағанымен, алдағы алты айда олардың орын алу қатері артуы мүмкін. Сондықтан, Душанбедегі АҚШ елшілігі өз азаматтарын Тәжікстан мен Ауғанстанның шекара аймағына сапар шекпеуді, кешкі уақытта халық көп жиналатын жерлерге бармауды және мүмкіндіктерінше қоғамдық траспортты пайдаланбауды сұрайды»,- деп қуатталған.
Тегтер