НАТО-ның бас хатшысы: Ауғанстан қауіпті ел
(last modified Tue, 15 Mar 2016 14:58:24 GMT )
Нау 15, 2016 20:58 Asia/Almaty
  • НАТО-ның бас хатшысы: Ауғанстан қауіпті ел

Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Ауғанстанды қауіпті ел деп атады.

Столтенберг Кабулда Ауғанстан президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен ортақ ақпарат отырысында: «Ауғанстанда бейберекеттік пен тұрақсыздық одан әрі жалғасуда. Осы елде лаңкестердің болуы бейберекеттікке себеп болып отыр. 2016 жылы Ауғанстан үшін қиын жыл болмақ, бірақ ауған күштері 2015 жылы өз елін қорғауға қауқары бар екенін дәлелдеді» деді.