Ауғанстанның Журналистер одағы "BBC"-дің хабар тарату әдісін сынады
Ауғанстанның Журналистер одағы "BBC" хабар тарату орталығының хабарларын діни және этникалық алауыздық туғызушы деп айыптады
Ауғанстанның Журналистер одағы "ВВС" ақпарат орталығының Кабулдағы мешітке ДАИШ лаңкестік тобының шабуылы туралы хабар тарату әдісін қатты сынап, бұл ақпарат орталығынан хабарды кәсіби тұрғыда таратып, жік салудың бір түрі саналатын лаңкестік топтардың шабуылдарының мақсаттарын діни мазмұндармен зорайтудан аулақ болуды өтінді.
Бірнеше түн бұрын Кабулдағы әз-Заһра мешітіне 3 адам шабуыл жасап, 3 әскери емес адам мен 1 офицер өлтіріліп, 8 адам жарақат алған болатын. Парсы тілінде хабар тарататын "ВВС" арнасы көрермендерге лаңкестік топтың шабуылының басты себебін дінге деген жек көрушілік сезімі деп сендіргісі келді.
Осыған дейін де Ауғанстанның ақпарат орталықтары "ВВС" хабар арнасынан Ауғанстандағы діни мәселелерді өршітпеуді сұраған болатын.
Батыстың БАҚ-ы мұсылман елдерінің арасына іріткі салып, олардың арасында алауыздық тудыруды көздейді.