БҰҰ Лондондағы лаңкестік шабуылға реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i28232-БҰҰ_Лондондағы_лаңкестік_шабуылға_реакция_білдірді
БҰҰ Бас хатшысының ақпарат өкілі Ұлыбританияның астанасы Лондонда мұсылмандарға жасалған шабуылды айыптады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 20, 2017 21:25 Asia/Almaty
  • БҰҰ Лондондағы лаңкестік шабуылға реакция білдірді

БҰҰ Бас хатшысының ақпарат өкілі Ұлыбританияның астанасы Лондонда мұсылмандарға жасалған шабуылды айыптады.

БҰҰ Бас хатшысының ақпарат өкілі  Стефан Дуджарик: "Лондондағы  мұсылмандарға қарсы шабуыл үрей мен қорқыныш тудырып, оларды жәбірлеу мақсатында қасақана жасалған іс-әрекет болды" деді.

Дүйсенбі күні Лондонда мешіттен шығып жатқан намазхандарға жасалған лаңкестік шабуылда 1 адам қаза болып, 11 адам жараланды.