АҚШ-ның стратегиясы лаңкестікке тең
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Еуразия аймағы елдерінің Сеулдегі басқосуында аймақтың лаңкестікпен күресудегі ішкі мүмкіндіктеріне тоқталып: «АҚШ-ның стратегиясы лаңкестікпен күресуді көздемейді, керісінше лаңкестікке тең»,- деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні өткен азиялық отырыста лаңкестік пен экстремизмді әлемдік қоқан-лоққы деп атап: «АҚШ-ның стратегиясы лаңкестікпен ойнау. Сондықтан, Еуразия аймағының елдері лаңкестік идеологиясының иелері мен олардың қолдаушыларының үгіт-насихат, саяси және қауіпсіздік салаларындағы шығындары арта түсетіндей әрекет етуі керек»,- деді.
Бүгінде лаңкестік әлемдік қоқан-лоққы әрі шекара танымайтын құбылысқа айналды. Бір кезде ДАИШ тобының лаңкестігі Сирия мен Ирактың шекараларымен шектелді. Бірақ осы күні кейбір мемлекеттер, соның ішінде АҚШ-тың екіжүзді және қайшы саясатына байланысты ДАИШ лаңкестері Ауғанстан, тіпті Филиппин және Оңүстік-шығыс Азияға дейін әсер ететін болды. Әлемнің ДАИШ лаңкестігінің қоқан-лоққыларынан құтылуы үшін ұжымдық ынтымақтастық және идеологиялық, экономикалық және қауіпсіздік салаларында онымен шынайы күресуінен басқа жолы жоқ. Қазіргі таңдағы лаңкестікке қарсы күрес тек әскери әрекеттермен шектелмейді. Егер лаңкестікті қолдайтын идеологиялық және қаржы көздеріне тосқауыл қойылмаса, обыр сынды бұл құбылыстың тамыры жойылмайды.
Сауд Арабиясы мен АҚШ сынды мемлекеттердің лаңкестерге идеологиялық және қаржы тұрғыларынан қолдау көрсетуі лаңкестікті жоюға көмектеспейді. Ваххабизм – жабайы ДАИШ лаңкестігінің қайнары. Ол Сауд әулеті билігінің аясында басқарылуда. Лаңкестерді «жақсы» мен «жаманға» бөліп, АҚШ-ның «жақсы лаңкестер» деп санайтындарға қару жіберуі лаңкестікке қаржылай қолдау көрсетуге айналды. Осындай жағдайда Сауд Арабиясы мен АҚШ өздерін лаңкестікпен күресушілер деп атап, лаңкестікпен шынайы күресіп отырған ұйымдар мен елдерді лаңкестікті қолдаушылар деп уәж айтуда. Мұндай ұстаным мен қайшы сөйлеу лаңкестікпен шынайы күрес үдерісін әлсіретеді. Бұл туралы америкалық «Хаффингтон пост» газеті сейсенбі күнгі мақаласында: «АҚШ әртүрлі органдарды лаңкестік деп атауды өзінің сыртқы саясатының құралы ретінде пайдалануда. Бұл саясат лаңкестікпен күрес үдерісті әлсіретуімен бірге, оның таралуына себеп болуы мүмкін»,- деп жазды.
Сонымен бірге, АҚШ-тың Сириядағы әрекеті – АҚШ стратегиясының лаңкестікпен күресу емес екенін дәлелдейтін келесі фактор. Лаңкестікпен күресіп жатқан Сирия армиясы мен оның одақтастарының позицияларын нысанаға алу және бұл елге қарсы зымырандық шабуыл лаңкестікпен күресудің негіздеріне жатпайды. Осы салада Ливанның «Әл-Майадин» телеарнасы сейсенбі күнгі сараптамасында: «Трамп үкіметінің Сирияға қатысты саясаты Ақ үйге кіргеннен бері өзгерді. Сирияға қарсы тікелей шабуылға қарсы болған Трамп президенттік міндетін Сирияның әш-Шайрат әуе базасына шабуыл жасаумен бастады»,- деп хабарлады.
Сирияға қатысты америкалықтардың қайшылықтарға толы саясаты Ресей Сыртқы Істер Министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Сириядағы қарулы топтар мен тіпті лаңкестік деп аталған топтарды қолдауға негізделуде». Джебхат ан-Нусрат ДАИШ және соларға тәуелді топтармен бірге Сириядағы лаңкестік топтар ретінде аталды.