Екі Кореяның шекарасына жақын жерде АҚШ-ның бомбалаушы ұшақтары жаттығу өткізді
https://itolqyn.com/news/world-i28750
Корея түбегіндегі қайшылықтардың күшеюімен тұспа-тұс екі Кореяның шекарасына жақын жерде АҚШ-ның бомбалаушы ұшақтары жаттығу өткізді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 08, 2017 22:23 Asia/Almaty
  • Екі Кореяның шекарасына жақын жерде АҚШ-ның бомбалаушы ұшақтары жаттығу өткізді

Корея түбегіндегі қайшылықтардың күшеюімен тұспа-тұс екі Кореяның шекарасына жақын жерде АҚШ-ның бомбалаушы ұшақтары жаттығу өткізді.

Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі: «Бұл жаттығудың мақсаты Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран атуына реакция білдіру»,- деп мәлімдеді.

Солтүстік Корея АҚШ пен Оңтүстік Корея дұшпандық стратегиясын қоймаса, олармен өзінің зымырандық және атом қаруының мүмкіндігі туралы келіссөздер өткізбейтінін сан рет мәлімдеген болатын.