Тәжікстанда АҚШ пен төрт мемлекеттің қатысуымен әскери жаттығулар өткізіледі
(last modified Sun, 09 Jul 2017 10:17:05 GMT )
Шіл 09, 2017 16:17 Asia/Almaty
  • Тәжікстанда АҚШ пен төрт мемлекеттің қатысуымен әскери жаттығулар өткізіледі

Тәжікстанда АҚШ пен тағы төрт мемлекеттің қатысуымен RC 17 атты көп ұлтты әскери жаттығулар ертең дүйсенбі күні басталады.

Қырғызстанның АКИpress ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Қазақстанның бақылауымен өтетін АҚШ пен Пәкістан, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолия мемлекеттерінің 13 күндік әскери жаттығулары ертең дүйсенбі күні Тәжікстан астанасы Душанбеде басталады.

АҚШ-тың Душанбедегі елшілігі: "Бұл әскери жаттығуларға Пәкістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия мен Қазақстанның 200-ден астам әскериі қатысады",- деп хабарлады.

Бес мемлекеттің ортақ әскери жаттығулары 2001 жылдан бері жыл сайын жоғарыда аталған мемлекеттердің бірінде өткізіліп келеді. Әскери жаттығулардың алдыңғы кезеңі 2016 жылы АҚШ-тың Массачусетс штатында өткен болатын.

Ресейдің 201-ші мотоатқыштар дивизиясы Тәжікстанда орналасқан. Бұл елдің басшылары бір жылдың ішінде Тәжікістанға бірнеше рет сапармен келіп, елдегі жағдайды жақыннан зерттеп кетеді.

АҚШ-тың Тәжікстанда өткізетін әскери жаттығулары Мәскеу Вашингтонның Орта Азия аймағында орналасуы мен ықпал етуіне наразы және де аймақ мәселелерін аймақ елдерінің өздері шешуі қажеттігін қуаттап, америкалық әскерилердің әртүрлі бағдарламалар аясында аймақта орналасуына қарсылық білдіріп отырған жағдайда өткізіледі.

Тегтер