Халықаралық полицияға мүше 190 ел Иран полициясының тәжірибелерін пайдалануда
https://itolqyn.com/news/world-i28818
Халықаралық полицияның Бас хатшысы осы ұйымға мүше 190 елдің Иран полициясының тәжірибелерін пайдаланып жатқанын мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 10, 2017 20:24 Asia/Almaty
  • Халықаралық полицияға мүше 190 ел Иран полициясының тәжірибелерін пайдалануда

Халықаралық полицияның Бас хатшысы осы ұйымға мүше 190 елдің Иран полициясының тәжірибелерін пайдаланып жатқанын мәлімдеді.

Халықаралық полицияның бас хатшысы Юрген Шток Теһранда Иранның қауіпсіздік күштерінің киберлік және ақпарат алмасу полициясын аралауы барысында Иран полициясының интернет кеңістігіндегі қылмыстармен күресудегі потенциалдарына сілтеме жасап: «Иран полициясы киберлік қылмыстарды анықтау үшін әлемдегі дамыған құрал-жабдықтарды пайдаланады» деді.

Халықаралық полицияның бас хатшысы интернет кеңістігінде қылмыстарды ашып, айғақ-дәлелдерді жинауды өте маңызды деп атап, Иранның киберлік полициясы мамандарының кәсібилігі мен олардың әлемдегі дамыған құрал-жабдықтарды пайдалануын мадақтады.