АҚШ-ның санкциялары – адам құқықтарына қарсы әрекет
(last modified Tue, 11 Jul 2017 12:12:57 GMT )
Шіл 11, 2017 18:12 Asia/Almaty
  • АҚШ-ның санкциялары – адам құқықтарына қарсы әрекет

Иранның Жоғары сотының адам құқықтары штабының хатшысы Мұхаммад Джавад Лариджани сұхбат беріп, Американың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыру саласындағы міндеттемелерін орындамауы мен Иранға қарсы ядролық мәселеден басқа жаңа санкция салуына тоқталып: «Иранға қарсы бекітілген әрбір санкция халықтың құқығына қарсы әрі халықаралық заңдарды бұзу»,- деп қуаттады.

АҚШ өзінің экономикалық санкцияларын тек Иранға ғана емес, Кубадан Ресейге дейін және Латын Америкасы елдеріне  қарсы сан рет пайдаланып, өзінің саяси зорлық-зомбылық мақсаттарын алға ілгерілетуді көздеді. Мемлекеттердің өздерінің ішкі заңдарын басқа елдерге қолдануы дұрыс емес. Бірақ, АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін әртүрлі сылтаулармен санкциялардың негіздерін сақтап қалғысы келетінін көрсетті.

Осы салада АҚШ 2017 жылдың маусым айының 15 күні ИИР-на қарсы «Иранның 2017 жылдағы тұрақсыздық тудыру әрекеттеріне қарсы заң» деп аталған санкциялар жобасын бекітті. Бұл жоба баллистикалық зымырандар мен лаңкестікке қатысты санкцияларды қамтыды.

Бұдан бұрын ақпан айында АҚШ-ның Қаржы министрлігі  мәлімдеме жариялап, АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялар тізіміне 25 адамның есімін қосты.

Иранның ядролық келісіміне қарсылардың бірі және Демократияны  қорғау ұйымының басшысы Марк Дубовиц АҚШ-ның әрекеті туралы: «Бұл – Иранмен қарым-қатынас орнатқысы келетін шетелдік банктер мен компанияларға жасалған ескерту. Олар Иранмен қарым-қатынас орнататын  болса, көптеген қиындықтармен бетпе-бет келеді»,- деді.

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи  өткен жылы қарашаның 27 күні ИИР Армиясы теңіз күштерінің  жылдығына орай әскери қолбасшылармен кездесуіндегі  мәлімдемесінде ядролық мәселеге қатысты келіссөздер мен АҚШ Конгресінің  санкцияларды жалғастыру шешіміне тоқталып: «Жаңа санкция салудың немесе бұрынғыны қайта басатудың айырмашылығы жоқ.  Бұрынғыны қайта бастау да санкция әрі оған дейінгі   келісімді бұзу саналады",- деді.

Алайда АҚШ құқықтық тұрғыдан санкцияларды Еуроодаққа да таңуға  талпыныс жасауда. Қалай болғанда да, АҚШ пен Еуропаның Иранға қарсы санкциялары     халықаралық заңдарға қайшы келеді. АҚШ Сенатының Иранға қарсы жаңа санкцияларына немқұрайдылық танытуға болмайды.

Саяси ғылымдардың ұстазы Мұхаммад Садық Кошаки: «Бұл санкциялар кемінде халықаралық маңызды төрт құжатқа,  атап айтқанда «Адам құқығының әлемдік жарғысы» мен «Біржақты әрекеттерге тыйым салу және адам құқығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту», «БҰҰ Жарғысы» және «БҰҰ-ның үкіметтер арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтарды бақылайтын халықаралық құқықтар негіздеріне» қайшы»,- деді.  

Сондықтан АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық әрекеттерінің  болмысы адам құқығының бұзылуына соқтыратын санкциялар арқылы ахлақтық негіздермен санаспау болып табылады.