Могерини: Иранмен арадағы ядролық келісім тек бір елге тиесілі емес
Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары "Ортақ қадам" бағдарламасын тек бір елге ғана емес, халықаралық қауымдастыққа тиесілі келісім деп атады.
Reuters-тің хабарлауынша, Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини сейсенбі күні Брюссельде Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен ортақ ақпарат отырысында АҚШ-тың Иранмен арадағы ядролық келісімді талқылау әрекетін құрметтейтінін, бірақ Еуропа одағының Иранмен келісімді жалғастыратынын айтты.
Федерика Могерини америкалықтарға қаратып: "Иранның ядролық келісімі - БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі тарапынан бекітілген халықаралық келісімшарт. Еуропа одағы "Ортақ қадам" келісімін жүзеге асыруды жалғастыру үшін Ресеймен әріптестік жасайтын болады" деді.
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров: "Егер АҚШ Ресейдің дипломатиялық мүлкін қайтаруға қатысты өтініштерін орындамаса, Мәскеу қарымта әрекет жасайтын болады" деді.
Сергей Лавров АҚШ-тың дипломатиялық мүліктерге қатысты міндеттеріне құрмет білдіретіндігіне үміт білдірді.