АҚШ Мемлекеттік хатшысының аймақ дағдарысын шешуге бағытталған сапары нәтижесіз аяқталды
Парсы шығанағы маңындағы араб елдері арасындағы ең ауыр дағдарысты шешу үшін осы аймаққа аттанған АҚШ Мемлекеттік хатшысы өз сапарын нәтижесіз аяқтады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон бейсенбі күні түстен кейін аймақ сапарының соңғы күні Дохада Катардың әмірі шейх Тамим бен Хамд Але Санимен кездесіп, Доха мен төрт араб елі арасындағы дағдарыстың тығырыққа тірелгені жайлы сұхбаттасты.
Тиллерсон осы кездесуден кейін тілшілердің сұрақтарына жауап беруден бас тартып, Доха мен төрт араб елі арасында дағдарысты шешу саласында ілгерілеушіліктің болған, болмағаны жайлы пікір білдірмеді.
Катарға санкция салған төрт ел – Сауд Арабиясы, Мысыр, БАӘ мен Бахрейн басшылары сәрсенбі күні Сауд Арабиясының Джидда қаласында Тиллерсонмен отырыс өткізді.