Зариф: АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты ұстанымын қайта қарастыруы тиіс
ИИР Сыртқы істер министрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының әлемдік келісім екенін айтып: "АҚШ осы халықаралық келісімге қатысты өзінің ұстанымын қайта қарастыруы тиіс",-деп баса айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің жұма күнгі таңертең хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Нью-Йоркте тілшілерге берген сұхбатында Трамп үкіметінің Ираннан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына беріктігін қайта дәлелдеуді талап еткен шешіміне реакция білдіріп: "Ядролық келісім – бірнеше жылдық диалогтар мен келіссөздер барысында қол жеткізілген әлемдік жан-жақты келісім.
Осы келіссөздің барлық тараптарынан өз міндеттемелеріне берік болуды күтеміз, алайда, өкінішке орай, осы уақытқа дейін АҚШ өзінің қате қатынастары мен саясаттары арқылы Иранның осы келісімді лайықты түрде пайдалана алмауына жағдай тудырды",-деп мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрі Ресей, Иордания мен АҚШ елдерінің Сирияның оңтүстік-батыс жағында атысты тоқтату бітімін орнатуға келісуі және соған қатысты ИИР-ның ұстанымы туралы: "Теһран аймақта бейберекеттіктің туындауына себеп болған дағдарысты доғару үшін әрдайым қақтығыстардың тоқтатылып, барша елдердің терроризм және ДАИШ пен "ән-Носрат" майданы сияқты лаңкестік топтармен күресуге жұмылуына мүдделі",-деді.