Зариф: АҚШ Иранмен ядролық келісімді жүзеге асырудағы міндеттемелерін орындаған жоқ
Иран Сыртқы істер министрі: "АҚШ Иранмен ядролық келісімді жүзеге асыру бойынша өз міндеттерін орындауда салғырттық танытты",- деп мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке сапармен барып, жексенбі күні CNN арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың ядролық келісімге қатысты әрекеті жайында: "Иран толығымен өзіне жүктелген міндеттемелерді орындады. Халықаралық Атом Қуаты Агенттігі де бұл мәселені растап отыр. Бірақ АҚШ өз міндеттемелерін орындамады",- деді.
Сондай-ақ Иран Сыртқы Істер Министрі "Кейбіреулер Иран «алтылық» топпен жасаған ядролық келісімнен кейін Иран ядролық қаруға қол жеткізуді көздеуі мүмкін" деген сұраққа жауап беріп: "Иран келісім жасаған кезде және оған дейін де ашық түрде ядролық қару-жарақ жасауды көздемейтінін мәлімдеген болатын. Халықаралық Атом Қуаты Агенттігі де «Иран әскери мақсаттағы ядролық бағдарламаны көздейді» деген уәждердің негізсіз екенін растады"-, деді.
Зариф The New York Times газетінің "Иран Иракқа үстемдік жүргізіп жатыр" деген уәж айтылған жуырдағы мақаласына реакция білдіріп: "Иран әрдайым дұрыс таңдау жасап, Саддам, ДАИШ және лаңкестік топтарды қолдаушы мемлекеттерге керісінше Ирак халқына көмектесті",- деді.