Зариф: Америкалықтардың Иранда жүйені өзгерту саясаты жүзеге аспайды
https://itolqyn.com/news/world-i29070-Зариф_Америкалықтардың_Иранда_жүйені_өзгерту_саясаты_жүзеге_аспайды
ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ басшыларының «Иранда жүйені ауыстыру керек» деген ішкі іске араласушы және халықаралық принциптер мен ережелерге қайшы сөздеріне реакция білдіріп: «Өздеріңізді алдамаңыздар. Иранда билікті ауыстыру мүмкін емес»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 18, 2017 17:32 Asia/Almaty
  • Зариф: Америкалықтардың Иранда жүйені өзгерту саясаты жүзеге аспайды

ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ басшыларының «Иранда жүйені ауыстыру керек» деген ішкі іске араласушы және халықаралық принциптер мен ережелерге қайшы сөздеріне реакция білдіріп: «Өздеріңізді алдамаңыздар. Иранда билікті ауыстыру мүмкін емес»,-деді.

Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Нью-Йоркте АҚШ-тың сыртқы қатынастар кеңесінің пікір алмасу орталығының отырысында Вашингтонның өткеннен сабақ алмағанын айтып: «ИИР заңдылық пен  құдіретті өз халқынан алып отырғандықтан, АҚШ-тың Иранда жүйені ауыстыруға бағытталған жобалары әрдайым жеңіліс табады»,-деп қуаттады.

Иранның Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иран Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бастап осы елдің жүйесін өзгертуді күн тәртібіне қойып отырғанын айтып: «Иран халқы соңғы президенттік сайлауда дауыс беру үшін кезекте 10 сағаттан артық тұрды»,-деді.