Америка ирандықтарға қарсы дұшпандық әрекеттерін жалғастыруда
Американың Әділет министрлігі дүйсенбі күні екі ирандықты Американың Вермонт провинциясындағы бағдарламалық жасақтама компаниясына хакерлік шабуыл жасап, Иранға салынған санкцияларды бұзды деп айыптады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран азаматтары Мохаммад Реза Резахан мен Мохаммад Саид Аджели "компьютерлерді заңсыз пайдаланып, мәліметтерге заңсыз түрде қол жеткізді, интернеттік алаяқтық, қорғаныстық тауарды рұқсатсыз экспорттап, Иранға қарсы салынған санкцияларды бұзды" деген жалған айыптауларға ұшырады.
Америка өткен жылы да жеті ирандықты 2011-2013 ж.ж. америкалық бірнеше банкке қарсы киберлік шабуылға қатысты деген айыптады.
Вашингтон шілде айының 11 күнгі ирандықтарға қатысты дұшпандық әрекетінің жалғасында ирандық дәрігер, обыр дертінің маманы Мохсен Деһнавиды зайыбы және кішкентай үш баласымен бірге отыз сағаттан астам уақыт бойы Бостан қаласындағы Логан әуежайында ұстады. Адам құқығына қайшы сол әрекеттен соң Бостан қаласындағы балалар ауруханасына жұмысқа шақырылған Мохсен Деһнави Иранға оралды.