Иран Ауғанстанмен медицина және емдеу саласындағы тәжірибелерімен бөліседі
Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі: "Иран денсаулық сақтау және емдеу салаларындағы өзінің тәжірибелері және мамандарының жетістіктерімен Ауғанстанмен бөлісуге әзір" деді.
Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі сейіт Хасан Ғазизаде Хашеми Ауғанстанның Денсаулық сақтау министрі Фирузаддин Фирузбен Кабулда кездесуінде: "Иранға қажетті дәрі-дәрмектердің 95 пайызы Иранның өз ішінде өндірілгендіктен, Иранның жеке секторы фармацевтика саласында Ауғанстанмен әріптестік жасай алады" деді.
Ғазизаде Хашеми Иранның медицина саласындағы технологиялар бойынша аймақтық және әлемдік орнына тоқталып: "Иран медицина және парамедицинаның түрлі бөлімдері бойынша ауғандық студенттерді қабылдауға, акушерлерді оқытуға және Ауғанстан үкіметінің вакцинация саласындағы біліктілігін арттыруға әзір" деді.
Ауғанстанның Денсаулық сақтау министрі Фирузаддин Фируз да осы кездесуде Ираннан денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім берудегі тәжірибелермен бөлісуді сұрап, ИИР-ның ауғандық мигранттарға көрсеткен көмектері үшін алғыс білдірді.